ЖЕДЕЛ ЖЕЛІ +7 7122 755 000

Науқанның жүргізілетін күндері:

26.07.2021 жылдан қоса алғанда 19.09.2021 жылға дейін.

Науқанның шарттары:

  1. «RedBull» және/немесе «Pringles» өнімдерін бір чекте сатып алыңыз.
  2. Чекті промо парақшада онлайн тіркеңіз (https://sites.google.com/view/ideal-lider-promo)

    3. Науқанның қорытындысы бойынша тікелей эфирді Instagram-да @lider_atyrau парақшасынан қараңыз.

Ескертпе:

  1. Ұтыс ойынының жеңімпазы жүлдені алу кезінде науқанның шарттары орындалған фискалдық чектің түпнұсқасын міндетті түрде ұсыну қажет. (Чектің нөмірі промо парақшада тіркелген нөмірге сәйкес келуі тиіс).
  2. Науқанның шарттары орындалмаса немесе түпнұсқа фискалдық чек болмаса, басқа жеңімпаз таңдалады.
  3. Ұтыс ойыны әр 2 апта сайын өткізіледі (09.08.2021; 23.08.2021; 06.09.2021; 20.09.2021) 

Науқанды ұйымдастырушы:

«Идеал Маркет» ЖШС

Заңды мекенжайы: Атырау қ., Сырым Датов 203

Тел: 8 7122 75 50 00

http://leader-stores.kz/

Серіктестер:«RedBullKazakhstan»& «Kellogg`s»

Жүлде қоры: 6 электросамокат

Ұйымдастырушының құқықтары:

  1. http://idealmarket.kz/ сайтында ақпаратты орналастыру арқылы Науқанның ережелерін өзгерту.
  2. http://idealmarket.kz/  сайтында немесе Instagram-дағы @@lider_atyrau ресми парақшасында ақпаратты орналастыра отырып, жүлде қорын және тікелей эфир өткізілетін күнді өзгерту.
  3. Науқанды http://idealmarket.kz/ сайтында ақпаратты орналастыра отырып тоқтату, науқан тоқтатылған сәттен бастап бұрын берілген барлық фискалды чектер науқанға қатыса алмайды.
  4. Осы Ережелердің талаптарын орындамаған Сатып алушыға жүлдені беруден бас тартылады.
  5. Ұйымдастырушы Қатысушыдан қажетті мәліметтерді алмағаны үшін, оның ішінде пошта қызметінің, байланыс ұйымдарының кінәсінен, Науқанды өткізу кезінде пайдаланылатын техникалық проблемалар және/немесе байланыс арналары үшін, сондай-ақ көрсетілген қате немесе өзекті емес байланыс деректері салдарынан қатысушымен байланысты жүзеге асырудың мүмкін еместігі үшін жауапты болмайды.
  6. Ұйымдастырушы осы Ережелерде көрсетілген жағдайларды санамағанда немесе Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасының талаптарының негізінде Науқанның Қатысушыларымен жазбаша келіссөздерді немесе басқа байланыстарды жүргізбеуге құқылы.
  7. Науқанға:
    1. Ұйымдастырушының қызметкерлері мен өкілдері, ұйымдастырушының үлестес тұлғалары, осындай жұмыскерлер мен өкілдердің отбасы мүшелері;
    2. Науқанды өткізуді ұйымдастыруға не осы Науқанды өткізуге тікелей қатысы бар кез келген басқа тұлғалардың қызметкерлері мен өкілдері;
    3. заңды тұлғалар қатыса алмайды;
    4. Науқанның жеңімпазын брендтің ресми әлеуметтік желілерінде және байланыс арналарында жариялау.

 

Ұйымдастырушының міндеттері: 

  1. Науқанды ережелермен анықталған тәртіппен жүргізу.
  2. Қазақстан Республикасының заңнамасында және осы Науқанның ережелерінде көзделген жағдайларды қоспағанда, Науқанды ұйымдастырушының науқанға қатысушы туралы ақпаратты үшінші тұлғаларға беруге құқығы жоқ.
  3. Ұйымдастырушы ҚР заңнамасына сәйкес Сатып алушымен туындаған дауларды шешуге міндетті.
  4. Жүлделер ұтқан кезде салықты және/немесе бюджетке төленетін өзге де міндетті төлемдерді төлеу міндеті Байқаудың ұйымдастырушысына жүктеледі.

Қосымша шарттар:

  1. Науқанға қатысу автоматты түрде қатысушыны осы Ережемен таныстыруды және оның олармен келісуін білдіреді.
  2. Жүлденің ақшалай баламасы берілмейді.
  3. Науқанға қатыса отырып, Қатысушы Ұйымдастырушының оның дербес деректерін өңдеуге, сондай-ақ оның дербес деректерін Науқанның тікелей іске асырылуын жүзеге асыратын үшінші тұлғаларға беруге келісімін береді.
  4. 18 жасқа толған, Қазақстан Республикасының аумағында тұратын немесе Қазақстан Республикасының азаматы болып табылатын кез келген әрекет етуге қабілетті жеке тұлға Байқауға қатысушы бола алады.

Науқанға қатысушы-дүкендер:

Атырау, Ақтау, Орал қалаларындағы «Лидер» және «Идеал» сауда желісінің барлық дүкендері.