ЖЕДЕЛ ЖЕЛІ +7 7122 755 000

Акциялар

НАУҚАН ШАРТТАРЫ*

  1. «ИДЕАЛ», «Лидер», «Лидер-СуперЭконом» супермаркеттерінде кез-келген затты сатып алыңыз. Чектегі әр 2000 теңге үшін кассирден науқанның 1 фишкасын (мысалы: 2000 теңге = 1 фишка, 4000 теңге = 2 фишка және т.с.с.) және арнайы жинақтау буклетін алыңыз.
  2. Фишкаларды жинап, оларды буклетке жабыстырыңыз.
  3. Фишкалардың қажетті санын жинап, Сіз LUMINARC француз брендінің ыдыс-аяқ және асүй жинақтарын 50%-ға дейінгі жеңілдікпен сатып аласыз.
  4. Науқандық тауар сауда залындағы арнайы стендте орналасқан.
  5. Науқандық тауарды сатып алуға жеңілдік алу үшін жабыстырылған фишканың қажетті саны бар буклетті кассада көрсету қажет.
  6. Науқандық тауарды сатып алғаннан кейін кассир Сіздің буклетті алып қалады. Науқанға қатысуды жалғастыру үшін кассадан жаңа буклетті алыңыз.
  7. Сіз науқанға қатыспай-ақ, науқандық тауарды даналап сатып алуыңызға болады, бұл жағдайда кассирге буклетті фишкалармен ұсыну міндетті емес.

* Осы науқанға 18 және одан жоғары жастағы  жеке тұлғалар қатыса алады. 

Буклеттер мен фишкаларды беру 2019 жылдың 1 наурызынан  31 мамыр аралығында жүргізіледі.

Науқандық тауарды сату 2019 жылдың 1 наурызынан  31 мамырына дейін жүзеге асырылады. 

Назар аударыңыз! Сіз алған жеңілдік ақшалай өтемақымен алмастырылмайды. Науқан бойынша жеңілдіктер жеңілдіктердің басқа түрлерімен жинақталмайды. Науқанды жүргізу кезінде сауда залында  науқандық тауардың толық сұрыпталымы уақытша болмай қалуы мүмкін, осы жағдайда шағымдар қабылданбайды.  Сатуға ұсынылған науқандық тауардың сыртқы түрі оның жарнамалық ақпараттардағы суретінен өзгеше болуы мүмкін. Тауардың саны шектеулі болғандықтан, фишкаларды  беру кезеңі және науқанды жүргізу мерзімі өзгертілуі мүмкін. Науқанды  ұйымдастырушы тауар толық сатылып кеткен жағдайда «ИДЕАЛ», «Лидер», «Лидер-СуперЭконом» супермаркеттер желілерінің сауда нысандарында науқанға қатысушыларды осы жерлерде ақпарат орналастыру арқылы алдын ала хабарландырып, науқанды мерзімінен бұрын тоқтату құқығын өзіне қалдырады. Тауар сертификатталған.

Науқанға  қатысатын сауда нысандарының мекен-жайларының тізімін, сондай-ақ, тауар, науқан  шарттары, өткізілетін орны мен мерзімдері туралы толық  ақпаратты Call-центрдің +7 (7122) 755 000 телефоны бойынша білуге болады.

Фишкаларды кассирден сұраңыз

Күюге қарсы LUMINARC ыдыс-аяқ топтамалары

Luminarc * шыны ыдыстар шығаратын компания 1948 жылы Францияда құрылды. Қазіргі уақытта бұл бренд шығаратын шыны және күюге қарсы ыдыс-аяқтары, жоғары сапалы пышақтар мен асүйге арналған керек-жарақтар Ресей мен басқа елдерде сәтті сатылады.

Бұл жинақта ұсынылған ыдыстардың цирконий оксиді мен керамикалық шағын бөлшектерден тұратын экологиялық таза күюге қарсы қабаты бар. Бұл компоненттер ұзақ мерзімділікті қамтамасыз етеді, сондай-ақ кішкене сызаттардан және бөртпелерден қорғайды. Өнімдер +230 ºС дейінгі температураға төзімді.

Luminarc асүй құралдары ыдыс-аяқ жинағына керемет қосымша болады.

ARC HOLDINGS-ке тиесілі LUMINARC тіркелген сауда белгісі «Ключ к лояльности в ритейле Интернешнл»  ЖШС –мен (ЖШС KLR) сублицензия негізінде қолданылады.

* Люминарк

Құймақ таба 26 см

Таба 20 см

Таба 24 см

Таба 26 см

Таба WOK  28 см

Тұтқалары бар шұңғыл қуыратын таба 28 см

Таба-қақтам 26х26 см

Кәстрөл 20 см

Кәстрөл 24 см

Ожау 16 см

Әйнек қақпақ 20 см

Әйнек қақпақ 24 см

Әйнек қақпақ 26 см

Әйнек қақпақ 28 см

3 бұйымнан тұратын жинақ: ожау 32 см, тесіктері бар қалақша 33 см, кәкпір 36 см

Сауда жасаңыз – фишкаларды  жинаңыз – жеңілдіктерді алыңыз